Еңсегенова Гүлзада Еңсегенқызы

Енсегенова Гулзада  (01.04.1972ж.т, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы) – жоғары санатты қазақ  тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі,«№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 1996 жылдан бастап қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен сабақ беріп келеді. 2012-2013 оқу  жылынан  бастап  мектеп  директоры  ретінде  жұмыс жасады. 06.11.2018 жылдан бастап «№ 21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ  директоры  

Марапаттары:

2013 жылы Білім  беру  жүйесіндегі тестілеуді  ұйымдастыру  мен  өткізуде  өзіне  жүктелген  міндеттерді  жоғары кәсіби деңгейде  және  белсенді  орындағаны  үшін Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ұлттық  тестілеу  орталығының  «Алғыс  хатымен» марапатталды.

2016 жылы Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісі  мен  мәслихаттары  депутаттарының сайлауында «Нұр  Отан» партиясының  сайлау  науқанына  белсене  қатысқаны  үшін  «Нұр  Отан»  партиясының төрағасы  Н.Назарбаевтың  «Алғыс хатымен»  мараппаталды.

Жетістіктері:

Г.Енсегенова  басқарып  отырған  ұжым саналы  тәрбие, сапалы  білім  беруде  алдыңғы  қатарда  келе  жатыр. Г.Енсегенова басшылық  еткен  жылдарында түлектердің Ұлттық Бірыңғай  Тестілеудегі көрсеткіші жоғары  дәрежеде  болып, облыс  бойынша алғашқы алдыңғы  қатарлы  бес  мектептің құрамынан  орын  алған.

Ұжым білім  саласында  болып  жатырған  әр түрлі сайыстар  мен  байқауларға  да ұйымшылдықпен қатысып  отырады. Нәтижесінде 2015 жылы ұстаздар  мерекесі  қарсаңында «Жеңімпаз  мектеп» номинациясымен мараппатталды. 2016-2017 оқу жылында Г.Енсегенова қалалық «Мектепті басқарудың үздік жобасы-2017» байқауынан бас жүлдені жеңіп алды.

2017 жылдың  қорытындысы бойынша облыстағы қала мектептері арасында өткен «Үздік қала мектебі» байқауынан  бас жүлдеге ие болып,облыс әкімдігінің тағайындаған 1000000 (бір миллион)теңге сыйақысын жеңіп алды.

Г.Енсегенова сонымен  қатар  дарынды балалармен жұмысқа үлкен назар аударады. Нәтижесінде мектеп  оқушыларының  пәнге қызығушылығы  артып, олимпиада, байқауларда жүлделі орындар алып жүр. 

Г.Енсегенова бірнеше мәрте қалалық, облыстық, республикалық семинарларда әріптестерімен өз іс- тәжірибесін бөлісіп, көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.

Г.Енсегенова - оқушылардың азаматтық  позициясын қалыптастыру тәсілдерін меңгерген, ұжымды  әрбір мұғалімге адамгершілік-психологиялық жайлы жағдай жасап, олардың шығармашылық белсенділігін  дамытуға  алғы шарт тудырып отырады.