РЕСПУБЛИКАДАН ОЛЖА

10-11 желтоқсан күндері жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін анықтау, ақын Абай Құнанбаев есімін ұлықтау мақсатында 8-11 сыныптар арасында өткен республикалық
“Абай әлемі” байқауында жеңіске жеткен оқушыларымызды, ұстаздарымызды құттықтаймыз. Ақындар мүшәйрасы және эссе жазу бағыты бойынша 250 оқушы қатысқан республикалық додада 3 оқушымыз жеңіс тұғырынан көрінді.

9-сыныптар бойынша "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" ақындар мүшәйрасы байқауынан Жолдасбай Жанерке 2-орын иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұрсалова Жұмагүл @zhumada_tugan_gul Амантайқызы. 1-тур бойынша "Абай мұрасы" атты арнау өлеңін видеожазбамен жолдап, 2-тур бойынша қазылар алқасы ұсынған үш тақырыптың бірін таңдап өлең жазды. Байқау Google meet платформасы арқылы тікелей эфирде өтті.

Жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар, жетекшілердің атына алғыс хат берілді.

Ұлы Абай салған сара жолды жалғап, білім мен өнер көгінде жеңіс туын желбірете беріңіздер, мақтаныштар!